411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан емделіп шыққан таиландтық вирусты қайта жұқтырды

  • 151
  • UPD: 18:07, 09.04.2020
Коронавирустан емделіп шыққан таиландтық вирусты қайта жұқтырды

Таиландта коронавирус инфекциясынан жазылып ауруханадан шыққан әйел бір аптадан кейін вирусты қайтадан жұқтырды, деп хабарлады Тхаи Рат.

Одан 12 наурызда коронавирус анықталып, екі апта ауруханада емделген. Үш рет тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен соң ауруханадан шығарылды.

38 жастағы әйел адам 4 сәуір күні суық тию белгілерімен дәрігерлердің көмегіне қайта жүгінген. Осылайша, одан коронавирус инфекциясы қайтадан анықталды.

Хабар 24 телеарнасы