433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Борис Джонсон жансақтау бөлімінен шықты

  • 231
Борис Джонсон жансақтау бөлімінен шықты

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жансақтау бөлімінен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазір оның жағдайы жақсы. Премьер әлі де Сент-Томас ауруханасында ем қабылдап жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп та твитердегі парақшасында Борис Джонсонның денсаулығы жақсы деп сүйіншіледі.

Естеріңізге салайық, COVID-19 дертіне шалдыққан 55 жастағы Борис Джонсонның жағдайы нашарлағаннан кейін жексенбі күні интенсивті терапия бөліміне түскен болатын. Өзінің диагнозын ол бұқараға наурыздың 27-сі күні жария еткен. Қазір дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр. Ал Джонсонның қызметін уақытша елдің сыртқы істер министрі Доминик Рааб атқаруда.

Хабар 24 телеарнасы