413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО экономикалық дағдарыспен қалай күреспек

  • 136
ЕО экономикалық дағдарыспен қалай күреспек EADaily

Еуропа одағының қаржы министрлері жаһандық пандемияның салдарынан келген экономикалық дағдарыспен күресу үшін 540 млрд еуро мөлшерінде жәрдемақы қарастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрі құрлық елдерінің қаржыгерлері қатысқан видеоконференцияның қорытындысы осы. Жоспар алдағы екі аптаның ішінде жүзеге асуы тиіс. Бөлінген ақшаның 100 млрд еуросы карантин кезінде жұмыс уақыты қысқарған қызметкерлердің жалақысын өтеуге жұмсалады. Еуропа инвестициялық банкі компанияларға 200 млрд еуро көлемінде несие берсе, Еуропалық тұрақтандыру механизмінің қоры тағы 240 млрд еуро мөлшерінде қарыз беретін болады.

Мариу Сентену, Еуротоп басшысы:

– Бүгін біз пандемия дағдарысы кезінде Еуроодақ елдеріне қаржылай көмек көрсету керек деген шешімге келдік. Жәрдем пакетінің мөлшері одаққа мүше елдерінің жалпы ішкі өнімінің 2 процентін құрайды. Бұл шамамен 240 млрд еуро. Берілетін қаржы міндетті түрде денсаулық сақтау саласына жұмсалу керек. Дәлірек айтқанда COVID-19 ауруын емдеу және алдын алу шараларына жаратылатын болады. Жоспарымыз алдағы екі аптада іске асырылады деп болжап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы