412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандықтар 30 жыл ішінде алғаш рет Гималай тауларын көрді

  • 628
  • UPD: 12:02, 10.04.2020
Үндістандықтар 30 жыл ішінде алғаш рет Гималай тауларын көрді

Үндістанның солтүстік бөлігінің тұрғындары Гималайдың қарлы шыңдарын 30 жыл ішінде алғаш рет көрді.

Үндістандықтардың көпшілігі бұл көріністі өмірінде бірінші рет көріп отыр. Сондай-ақ олар аспаннан бұған дейін көрмеген көптеген жұлдыздарды тамашалауда.

Украиндық саяхатшы Артемий Суриннің айтуынша, бұл жағдай елдегі ауа ластануының төмендеуіне байланысты.

Айта кетсек 22 наурыздан бастап Үндістанда коронавирустық пандемияға байланысты қатаң карантин енгізілді. Сарапшылардың айтуынша, карантин енгізілгелі ауаның ластану деңгейі едәуір азайған. Карантиннің екінші күнінің өзінде Делиде ауа ластануы 44%-ға төмендеді.

India Today Data Intelligence Unit мәліметтері бойынша, 16-27 наурыз аралығында елдегі ауа сапасы орта есеппен 33% жақсарған.

Хабар 24 телеарнасы