411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОПЕК+ келіссөздері кейінге қалды

  • 175
ОПЕК+ келіссөздері кейінге қалды РБК

Бірнеше сағатқа созылған келіссөздерге қарамастан, ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі жиынды кейінге қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Мексиканың шектеу шараларын енгізуге қарсылық білдіруі себеп. Бүгін қайтадан бас қосатын тараптар енді Мексиканы келісімге көндіруге тырысып көрмек. Жалпы бейнеконференция бастапқыда нәтижелі болатындай-ақ көрінген. Өйткені жиынға қатысушы мемлекеттер мамырдың бірінен бастап маусымның соңына дейін қара алтын көлемін тәулігіне 10 млн баррельге қысқартуға алдын ала уағдаласқан болатын. Ал одан кейінгі кезеңде 8 миллионға, 2021 жылы 6 миллионға азайтуға келіскен еді.

Александр Новак, Ресейдің энергетика министрі:

– Коммерциялық мұнай төңірегіндегі жағдай дабыл қағатын күйге жетті. Қоймалар қара алтынға толатын түрі бар. Бұл жалпы тұтас әлемдік экономикаға теріс салдарын тигізеді. Мұндайда жедел шаралар жасалуы тиіс. Біз мұнай өндірісінің артуына байланысты жағдайды бірлесіп реттеуіміз керек.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, ОПЕК+ алдағы уақытта АҚШ пен Канада да ұйымға қосылады деп үміттенеді. Алайда келісімде мұндай жағдай жазылмаған. Бұған қоса, бейнеконференцияға қатысуға шақырылған Бразилия мен Норвегия елдерінің де осы мәселедегі ұстанымы айқын болмай тұр. Естеріңізге сала кетейік, наурыздың алтысында мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мұнай өндіруді қысқарту бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған еді. Сөйтіп ол қара алтын бағасының күрт құлдырауына әкелді.

Хабар 24 телеарнасы