425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та бауырластар зираты дайындалып жатыр

  • 642
  • UPD: 10:40, 11.04.2020

Коронавирус кесірінен 5 мыңнан аса азамат қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нью-Йоркте бауырластар зираты дайындалып жатыр. Вирус құрбандары  мәңгілікке тыныс табатын жер Харт аралында болады. Айта кетейік, Нью-Йорктің бір бөлігі саналатын бұл жерді жергілікті мэрия 150 жылдан бері жақындары жоқ азаматтарды жерлеу үшін пайдаланып келген. Пандемия басталмас бұрын мұнда қайтыс болғандарды жер қойнауына тапсыру рәсімі аптасына бір рет қана өтіпті. Ал бүгінде күн сайын 200-ге жуық адам жерленіп жатыр екен.

Билл де Бласио, нью-йорк мэрі:

– Бұл өте өкінішті. Бір адамның қаза болып, денесін алып кетер ешкімі болмаған сәтті елестетіңізші. Бірақ қалай болғанымен, мұндай жағдай осымен ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Ал қазір қайтыс болған адам саны көбейген. Бәрі коронавирустан көз жұмғандар. Және олардың арасында туған-туыстары жоқ азаматтар да бар.

Хабар 24 телеарнасы