424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияның 31 провинциясында коменданттық сағат жарияланды

  • 439
  • UPD: 10:43, 11.04.2020

Пандемияға байланысты Түркияның 31 провинциясының азаматтары екі күн бойы көшеге шыға алмайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тұрғындар сенбі және жексенбі күнгі қолайлы күн райын пайдаланып, саябақтар мен демалыс орындарына ағылушы еді. Соның алдын алу үшін ел үкіметі осындай қадамға барып отыр. Ішкі істер министрінің мәлімдемесіне сай,  48 сағат ішінде шаһарларда тек қана наубайхана, дәріхана мен су тасымалдаушы фирмалар қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ететін сала қызметкерлері жұмысын жалғастырады. Жалпы, елде қауіпті індетке шалдыққандар саны 47 мыңнан асып, көз жұмғандар саны мыңға жетті. 1667 азаматтың жағдайы ауыр.  Жақсы жаңалық та жоқ емес. Соңғы мәлімет бойынша, елде 2423 кісі қауіпті дерттен жазылып шыққан. Бүгінде елде 300 мыңнан астам адамға сынама жасалған. Айта кетерлігі, Түркияда төтенше жағдай жарияланбаған. Дегенімен, қауіпсіздік шаралары төтенше жағдайға жете қабыл деңгейде. Еске сала кетейік, бұған дейін 31 провинцияда қалааралық көлік қатынасы тоқтады.

Хабар 24 телеарнасы