417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан математигі электронды бетперде жасап шығарды

  • 323
  • UPD: 10:45, 11.04.2020

Электронды құрал дерт жұқтырудан сақтаумен қатар, адам ағзасындағы өзге де зиянды вирустарды жояды.

Өнертапқыш Түрікел Сулейманлы көпке жарайтын әрі қорғанысы мықты бетперде ойлап тапты. Қазір елде коронавирустан қорғайтын респиратор мен маскалар тапшы. Ал тігіншілер оны дәке мен матадан тігіп амалдайтын. 

Түргел Сүлейманлы, жоба жетекшісі:

– Бұл электронды негізде жасалған әлемдегі алғашқы бетперде. Қазір қолданылып жүргендердің барлығы вирустарға қарсы емес, өндіріс орындары мен ауадағы шаңнан қорғауға арналған. Ал менің өнімім, ең алдымен, вирусты жоюға бағытталған. Ішінде арнайы чип пен батареясы бар. 

Жоба авторлары мемлекеттік құрылымдарға арыз беріп, өнімін патенттеп алмақшы. Егер қолдау тапса, өндірісін қолға алмақ. 

Туркель Сулейманлы, жоба жетекшісі:

– Қазір өндірістік нұсқасын дайындап жатырмыз. Ол пластмассадан жасалады, өйткені қолданғаннан кейін дезинфекциялауы оңай. Көпке жарайды, маусым бойы пайдалануға болады. Оның ерекшелігі коронавирустан бөлек адам ағзасынд ғы өзге де зиянды вирустар мен бактерияларға қарсы тұра алады. 

Өнертапқыштар микробиология және жұқпалы аурулар саласындағы мамандармен кеңесті. Сөйтіп, маскаға арналған бағдарламаны дайындаған.  

Субхан Шихмурадов, жоба әзірлеушісі:

– Қазір ол осындай чиппен жұмыс істейді. Келешекте оны кішірейтуді көздеп отырмыз. Бетперде үшін арнайы бағдарлама жаздық.  

Масканы бес сағат бойы пайдалануға болады. Оны телефонға арналған адаптер не пауэрбанктпен қуаттандырады. Жаңа құралдың бағасы да белгілі, 20-30 доллар төңірегінде болмақ.  

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы