412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда парламенттік сайлау басталды

  • 239
  • UPD: 13:54, 11.04.2020

Әлемді коронавирус жайлаған осы бір күрделі кезеңде Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ел тұрғындары дауыс беру үшін сақтық шараларын сақтауға міндеттелген. Яғни, азаматтар қолғап пен бетперде тағулары тиіс. Сонымен қатар, сайлау учаскесіне келген әрбір тұрғынның дене қызуы тексеріледі. Бұған қоса,  билік өкілдері азаматтардың арақашықтығы 1 метрден кем болмауын қадағаламақ. Ал коронавирус жұқтырған азаматтар болса, тек арнайы орындарда ғана дауыс бере алады. Олар үшін 8 сайлау учаскесі дайындалған. 

Ким Чжу-Юн, Сеул қаласының тұрғыны:

– Дауыс беру шамалы ыңғайсыз болды. Себебі қолғап киюге тура келді. Қалай болғанда да қауіпсіздік шаралары мейлінше қолға алынғаны көрініп тұр.

Хабар 24 телеарнасы