424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуразиялық үкіметаралық кеңес шұғыл шаралар кешенін қабылдады

  • 500
  • UPD: 15:01, 11.04.2020

Еуразиялық үкіметаралық кеңес пандемия кезінде халықтың қажеттіліктерін мейлінше қанағаттандыру бойынша шұғыл шаралар кешенін қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, енді өмірлік қажетті заттарды жеткізу үшін «жасыл дәліз» құрылады. Сонымен қатар, одаққа мүше елдерге кіргізілген тауарлар уақытша баж салығынан босатылады. Бұған қоса, кеденнен өту тәртібі де жеңілдей түспек. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің айтуынша, енді комиссия күн сайын туындайтын өзекті мәселелерді реттеуге күш салады. 

Михаил Мясникович, ЕЭК алқасының төрағасы:

– Жиын барысында тауарлар тасымалымен байланысты мәселелер қаралды. Мәселен, қазақстандық тауарларды оның ішінде, тез бұзылатын өнімдерді сатуға көмектесу туралы шешім қабылданды. Бұл Қазақстан бизнесінің Еуразиялық экономикалық одақ нарығында белсенді жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы