422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 70 мыңнан асты

  • 393
  • UPD: 08:24, 12.04.2020
Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 70 мыңнан асты

Иранда коронавирусты жұқтырғандардың саны 70 мыңнан асып, 4300 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте 2 мыңға жуық адамнан қауіпті індет анықталып, 125 науқас көз жұмған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Дегенмен, билік қазірге дейін аурудан жазылып шыққандар қатары да өсіп келе жатқанын айтады. Қазір олардың жалпы саны 42 мыңға жуықтаған.

Айта кетейік, Иран билігі 18 сәуірден бастап бір аймақтан екінші аймаққа қатынау шектеуін алып тастауды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы