425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда сырттан вирус жұқтырып келгендер саны артуда

  • 320
Қытайда сырттан вирус жұқтырып келгендер саны артуда РБК

Қытайда осымен екінші күн қатарынан шетелден вирус жұқтырып келушілерге қатысты 100-ге жуық дерек анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, соңғы тәулікте ел бойынша инфекцияға шалдығудың 108 жаңа дерегі тіркелсе, соның 98-і – сырттан келген адамдар. Жалпы осы уақытқа дейін елге кіргізілген 1400-ге жуық адамнан вирус табылған. Және бүгінге дейін солардың 500-ден астамы ауруханадан шығарылды.

Ми Фэн, ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми өкілі:

– Бұл сырттан вирус жұқтырып келгендерден төнген қауіптің жоғарылайтынын көрсетеді. Әсіресе, кіруге рұқсат етілген қалаларда. Сондықтан жергілікті билік өкілдері бұған барынша дайын болулары қажет.

Хабар 24 телеарнасы