424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайлық сарапшылар COVID-19-дың жаңа толқынын болжады

  • 772
  • UPD: 15:38, 13.04.2020
Қытайлық сарапшылар COVID-19-дың жаңа толқынын болжады

Адамзат биылғы жазда коронавирустық пандемияны толықтай жеңе алмайды, қараша айында аурудың жаңа толқыны басталуы мүмкін.

Бұл туралы «Хуаньцюван» порталы Шанхайдағы COVID-19 пандемиясын емдейтін сараптамалық топтың жетекшісі Чжан Вэньхунға сілтеме жасап хабарлады.

«Дерт Оңтүстік Америка, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне де тарай бастады, сондықтан математикалық модельге сәйкес алдағы қыста да бәрінің үйде отыруы әбден мүмкін», - деп қосты ол.

Алайда Чжан Вэньхун қазіргі індет уақытындағы диагностика саласында жинақталған тәжірибенің арқасында келесі толқын соншалықты ауыр болмайтынын баса айтты.

Оның айтуынша, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау Қытай, АҚШ немесе Еуропа елдеріне емес, эпидемияны бақылауда ұстау деңгейі төмен елдердегі жағдайға байланысты.

Хабар 24 телеарнасы