423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үндістанда дезинфекциялық заттар шығаратын зауытта жарылыс болды

  • 471
  • UPD: 17:07, 13.04.2020
Үндістанда дезинфекциялық заттар шығаратын зауытта жарылыс болды

Үндістанның химиялық зауытында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты және бір адам зардап шекті, деп хабарлады India Today.

Оқиға болған кезде дезинфекциялық заттар өндіретін бөлімде  66 жұмысшы болған.

Айта кетсек, Үндістанда коронавирустың таралуына байланысты дезинфекциялық құралдарға сұраныс күрт өскен. Қазіргі уақытта бұл елде 9152 адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде 308 адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы