424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусьте футболсүйер қауым қауіпке қарамастан стадионға жиылды

  • 428
  • UPD: 08:14, 14.04.2020
Беларусьте футболсүйер қауым қауіпке қарамастан стадионға жиылды

Вирусты жұқтыру қаупіне қарамастан беларусьтық мыңдаған жанкүйер матчты тамашалау үшін стадионға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Беларусь чемпионатының төртінші турындағы Динамо «Брест» - «Ислочь» арасындағы ойынға жанкүйерлердің бірен-сараны ғана маска киіп келген, ал қалғандары гол соғылған сайын тіпті құшақтасып та отырған. Айта өту керек, Беларусь,  футбол чемпионатын тоқтатпаған Еуропадағы жалғыз ел. Дегенмен, ойынды тамашалау көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Мысалы, Брестегі аренаға 10 мың адам сыйса, кешегі матчты тамашалауға 1 169 адам келген. Соңғы мәліметтер бойынша, Беларусьте ресми түрде 2 жарым мыңнан астам адам инфекция жұқтырып, одан 26 қайтыс болған. 

Ал Тайваньда тірі жанкүйерлерді роботтар алмастырды. Қытайдағы кәсіби бейсбол лигасының турнирі өткен стадионда тек робот-барабаншылар мен манекендер болды. Манекендер жанкүйерлер ретінде мінберлерге жайғастырылса, ал барабаншы-роботтар нағыз ойын атмосферасын жасап, шулап отырды.

Хабар 24 телеарнасы