432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Торнадо АҚШ тұрғындарын әбігерге салды

  • 396
  • UPD: 11:05, 14.04.2020
Торнадо АҚШ тұрғындарын әбігерге салды

Америка Құрама Штаттарының оңтүстігінде торнадо салдарынан кемінде 30 адам қаза тапты. Бұл туралы USA Today хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Миссисипи штатында 11 адам, Оңтүстік Каролинада 9, Джорджия штатында 6 адам және қалған 4 адам Арканзас пен Солтүстік Каролинада мерт болған.

Ауа-райының қолайсыздығы су тасқыны мен көшкінге ұласты. Он штаттағы 750 мың үй электр жарығынсыз қалды, жүздеген ағаштар қирап, үйлер бүлінді.

АҚШ метеорологиялық орталығының хабарлауынша, бұл торнадо сегіз жылда алғаш рет болған ең жойқын дауыл ретінде тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы