424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Т.Луис: Туысымен телефон арқылы қоштасып жатқан науқасты көру жаныңа батады

  • 273
Т.Луис: Туысымен телефон арқылы қоштасып жатқан науқасты көру жаныңа батады

Бүгінде Нью-Йорк дәрігерлері азаматтарды коронавирустен арашалап қалу үшін дамылсыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай адамдардың бірі, Тамара Луис есімді медбике. Вируспен күресте тәулік бойы тікесінен тік жүрген маманның айтуынша, жұмыстың ең қиын тұсы – науқастың қайтыс болғанын көру. Медбике мұндай сәттерге аса қатты мән бермеуге тырысқанымен, кейде көңілі босап, көзіне жас алатынын айтады.

Тамара Луис, медбике:

– Мен де адаммын ғой. Адамдардың төсек тартып, ауыр дерттен көз жұмғанын көру өте қиын. Жағдайы мүшкіл науқастың өз туған-туысымен телефон арқылы қоштасып жатқанын көру де жаныңа батады.

 

Хабар 24 телеарнасы