432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чернобыль атом электр стансасы маңындағы орман өрті әлі қауіп төндіріп тұр

  • 340
Чернобыль атом электр стансасы маңындағы орман өрті әлі қауіп төндіріп тұр

Чернобыль атом электр стансасы маңындағы орман өрті әлі толық ауыздықталған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қызыл жалын 3 мың гектарға жуық жерді күлге айналдырды. Ал Ресейдің Гринпис экологтары 12 мың гектар орманды алқап өртенгенін айтады. Өрт радиоактивті қалдықтар сақталатын «Подлесный» жеріне жақындап қалған. Мамандар осыған алаңдаулы. Өйткені дәл сол жерде 1986 жылы атом электр стансасында болған жарылыстан кейінгі аса қауіпті радияциалық заттар сақталынған. Қазір станса мен тілсіз жау арасын  1 шақырым ғана.  Еске салайық, өрттің шығуына 27 жастағы Раговка ауылының тұрғыны айыпталып отыр. Белгілі болғандай, күдікті бұрын сотталған екен. Өзі болса бұған дейін 3 мәрте қу ағашты өртегенін мойындады.

Хабар 24 телеарнасы