423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тақтар ойыны» сериалының актері коронавирустан жазылды

  • 307
  • UPD: 16:11, 14.04.2020
«Тақтар ойыны» сериалының актері коронавирустан жазылды

«Тақтар ойыны» сериалы арқылы танымал норвегиялық актер Кристофер Хивью коронавирустан сауығып кеткенін хабарлады.

Сонымен қатар вирусты жұқтырған оның әйелі де індеттен айыққан.

Актер бірнеше апталық карантин мен үйде оқшаулану шараларынан кейін аурудың барлық сиптомдары кеткенін айтты.

Айтуынша, оларда COVID-19 жеңіл түрде өткен.

Еске салсақ, актер наурыз айының ортасында өзінен коронавирус инфекциясы расталғанын хабарлаған еді.

Хабар 24 телеарнасы