427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан билігі төтенше жағдай мерзімін ұзартты

  • 452
Қырғызстан билігі төтенше жағдай мерзімін ұзартты

Қырғызстанда төтенше жағдай мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл жөнінде жарлыққа президент Сооронбай Жээнбеков қол қойды. Қазіргі кезде төтенше жағдай Бішкек, Ош пен Жалал-Абад қалалары және коронавирусты жұқтырудың алғашқы деректері тіркелген елдің төрт ауданында енгізілген. Бүгінде Қырғызстанда 430 адам қауіпті осы дертті жұқтырғаны расталды. 5 науқас ажал құшып, алпыс жетісі жазылған.

Кубатбек Боронов, Қырғыз республикасы үкімет төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз коронавируспен ауырғандармен байланысқан барлық адамды әлі анықтаған жоқпыз. Сондай-ақ карантин басталған кезде жасалған сараптамалардың нәтижелері тек қазір ғана белгілі болып отыр. Науқастар саны күн сайын артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, індеттің шарықтау шегі сәуірдің жиырмасы мен жиырма төрті аралығына келеді. Дертті жұқтырғандарды барынша анықтау үшін бізге уақыт қажет.

Хабар 24 телеарнасы