410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

  • 200
  • UPD: 09:55, 15.04.2020
АҚШ-та қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті Freepik

АҚШ-та соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының салдарынан көптеген адам көз жұмды.

Осы аурудан қайтыс болғандар саны 2228 адамды құрады. Бұған дейін төрт күн қатарынан бұл елде COVID-19-дан қайтыс болғандардың азайғаны байқалған еді. Сонымен, бір күн бұрын көз жұмғандар саны 1509-ды құрады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сүйенген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы АҚШ-та 608 мыңға жуық коронавирусты жұқтырған адам тіркелгенін, жалпы 26 мыңға жуық адам қайтыс болғанын хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы