423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда көлік апатынан 12 адам қаза тапты

  • 269
  • UPD: 16:54, 15.04.2020
Қытайда көлік апатынан 12 адам қаза тапты

Қытайдың Цзилинь провинциясында жол апатынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.

Оқиға Цяньань уезінде таңғы сағат 5:30-да болған. Басқа автомобильді жанып өткен Седан шағын жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігіндегі 11 адам жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүк көлігінің түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген төрт жолаушысының біреуі көз жұмды.

Қазіргі уақытта апаттың неден болғаны тергеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы