422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбияда мигранттар еліне қайта алмай жүр

  • 403
  • UPD: 22:21, 15.04.2020
Колумбияда мигранттар еліне қайта алмай жүр

Колумбиядағы венесуэлалық мигранттар еліне қайта алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Карантинге байланысты екі ел арасындағы шекара жабылған. Бұған дейін Венесуэланың мыңдаған тұрғыны нәпақа іздеп Колумбияға ағылған еді. Қазір коронавирус қыспаққа алған бұл елде де жұмыс жоқ. Енді мигранттар тұратын баспана таба алмай сандалып қалды. Айта кетейік, Колумбияда көптеген компания жұмысын тоқтатқан. Дені жұмысшыларын қысқартып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы