Германияда лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған Тәжікстанның 4 азаматы ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұтқындау Эссен және Дюссельдоф қалаларында жүрді. Полицияның мәлімдеуінше, олар Германиядағы АҚШ-тың 2 әуе базасын аңдып, түрлі мәліметтер жинаған. Ал нұсқауларды Ауғанстан мен Сириядағы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының 2 жоғары шенді тұлғасынан алып келген. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Ақпарға қарағанда, бұл азаматтар Германияға босқын ретінде барған.