476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бразилияда екі штаттың губернаторы коронавирусқа шалдықты

  • 283
  • UPD: 08:19, 16.04.2020
Бразилияда екі штаттың губернаторы коронавирусқа шалдықты

Бразилияда Рио-де-Жанейро мен Пара штатының губернаторлары коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рио-де-Жанейро аймағының басшысы Уилсон Уитцел өткен аптада тамағы ауырып, иіс сезу қабілеті төмендеген соң тексерістен өткен. Пара штатының губернаторы өзінен осы вирусқа тән нышандарды байқап, дәрігерлерге қаралған. Тест екеуінің де дертке шалдыққанын анықтады.

Айта кетейік, қазір Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 25 мыңнан асты. Дерттен 1 жарым мыңға жуық адам көз жұмды. 14 мың науқас жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы