425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда 99 жастағы ардагер дәрігерлерге 15 млн доллар жинап берді

  • 369
  • UPD: 14:50, 16.04.2020
Британияда 99 жастағы ардагер дәрігерлерге 15 млн доллар жинап берді

Британияда Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Том Мур Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне коронавируспен күрес үшін интернет арқылы 12 млн фунт (15 млн доллардан астам) жинап берді.

Ардагер 100 жасқа толмастан бұрын өзінің 25 метрлік ауласын 100 рет айналып өтуге уәде берген. Осылайша, ол медицина қызметкерлеріне ризашылық пен қолдау білдіреді және олар үшін онлайн түрде қаражат жинайды. Ардагердің бастамасын қазірдің өзінде 619 мыңнан астам адам қолдады.

Оның айтуынша, бұл денсаулық сақтау қызметіне деген адамдардың үлкен құрметін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы