423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда төтенше жағдай режимі бүкіл ел аумағында енгізілуі мүмкін

  • 365
  • UPD: 19:00, 16.04.2020
Жапонияда төтенше жағдай режимі бүкіл ел аумағында енгізілуі мүмкін

Жапония билігі коронавирустың өршуіне байланысты төтенше жағдай тәртібін бүкіл ел аумағына енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапония билігі коронавирустың өршуіне байланысты төтенше жағдай тәртібін бүкіл ел аумағына енгізуді қарастырып жатыр. Елде мұндай режим сәуір айынан тек 7 префектурада қолданылып келген. Премьер-министр Синдзо Абэ мәселені алдымен вирусолог сарапшылармен талқыламақ. Егер үкімет осындай шешім қабылдаса, өзге елдердегідей азық-түлік дүкені, дәріхана және банктерден басқа орындардың бәрі жабылып, шектеу шаралары күшейтілмек.

Айта кетейік, қазір Жапонияда COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 8600-ден асқан. Дерттен 178 науқас көз жұмды

Хабар 24 телеарнасы