418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавируспен күрес: Швецияда ханшайым медбике болып жұмысқа тұрды

  • 242
  • UPD: 18:10, 17.04.2020
Коронавируспен күрес: Швецияда ханшайым медбике болып жұмысқа тұрды TrendyMen

Швед королі Карл XVI Густавтың ұлы Карл Филиппке тұрмысқа шыққан София ханшайым коронавирус пандемиясы кезінде медбикелерге арналған үш күндік курстан өткен.

Қазір ол Стокгольмдегі клиникалардың бірінде жұмыс істеп жатыр.

Ханзаданың жұбайы, бұрын сәнбике әрі тележүргізуші болған София ханшайым COVID-19-ға байланысты дәрігерлерге көмектесу туралы шешім қабылдаған, деп жазады The Daily Mail.

Швецияда күшейтілген карантин енгізілмеген. Өйткені билік экономиканы құтқарып қалуға күш салып жатыр. Дегенмен 12,5 мыңнан астам тұрғынның коронавирусты жұқтырғаны расталған. Ал індеттен көз жұмғандар саны 1,3 мыңға жақындады.

Хабар 24 телеарнасы