425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Африка коронавирус пандемиясының жаңа ошағына айналуы мүмкін

  • 393
  • UPD: 10:42, 18.04.2020
ДДСҰ: Африка коронавирус пандемиясының жаңа ошағына айналуы мүмкін

Африка коронавирус пандемиясының жаңа ошағына айналуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қағып жатыр. Себебі, қара құрлықта COVID-19-ды жұқтырғандардың саны артуда. Қазір індетке шалдыққандардың қарасы 20 мыңға жуықтап, дерттен 1 мыңдай науқас көз жұмған.

«Егер Африка елдері вируспен күрес шараларын күшейтпесе, 300 мың адам қайтыс болып, 30 миллион тұрғын қайыршылыққа түседі», - дейді мамандар. Өйткені құрлықтағы көп елде санитарлық жағдай нашар және дертпен күресуге қажетті құрал-жабдық тапшы. Сондықтан халықаралық ұйым Африка үшін 100 миллиард доллар көлемінде қауіпсіздік қорын құруды ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы