431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия президенті көрші елдермен шекараны қайта ашуды ұсынды

  • 282
  • UPD: 15:37, 18.04.2020
Бразилия президенті көрші елдермен шекараны қайта ашуды ұсынды

Бразилия президенті Жаир Болсонару індетке қарамастан көрші елдермен шекараны қайта ашуды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы мәселені жаңа тағайындалған Денсаулық сақтау министрімен талқыламақ. «Себебі, Уругвай және Парагваймен шекараны кесіп жатқандарды бақылау мүмкін емес», - дейді Болсонару.

Айта кетейік, Бразилия көрші елдермен шекараны наурыздың айының ортасында жапқан. Тек тауар тасымалдауға ғана рұқсат етілген. Ал, өткен айдың соңында шетелдіктердің кіруіне толық тыйым салынды.

Жаир Болсонару, Бразилия президенті:

Меніңше, көрші елдермен шекараны ашу қажет. Мәселені жуық арада министрлермен тақылайтын боламыз. Шекараны ашумен байланысты жауапкершіліктің бәрін өзіме аламын. Бірақ көпшілік мұның қажет екенін түсініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы