429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда карантинге қарамастан сауда орындары халыққа лық толы

  • 315
  • UPD: 07:57, 19.04.2020
Нигерияда карантинге қарамастан сауда орындары халыққа лық толы

Нигерияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәліметтерге сәйкес аймақта 493 адам вирус жұқтырған. 17 адам осы дерттен қайтыс болды. Алайда жергілікті халық биліктің талаптарына құлақ асқысы жоқ. Елдің Лагос қаласындағы сауда орындары карантинге қарамастан халыққа лық толы. Ине шаншар жер болмағандықтан, әлеуметтің арақашықтықты сақтау мүмкін емес. Жергілікті жұрт вирустан емес, аштықтан өлеміз деп үрейленеді. Тіпті азық-түлік тиелген жүк көліктерді тонап жатыр. Енді мамандар биліктен карантин талабын елемегендер үшін қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы