420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда пандемияға қарамастан есірткі саудалаған қылмыстық топ ұсталды

  • 424
  • UPD: 07:56, 19.04.2020
Испанияда пандемияға қарамастан есірткі саудалаған қылмыстық топ ұсталды

Испанияның тәртіп сақшылары салмағы 200 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыскерлер заңсыз тауарды қызанақ тұздығына арналған ыдысқа тыққан. Испанияның оңтүстігінде ұйымдастырылған әскери операция кезінде 3 литвалық азамат қамауға алынды. Белгілі болғандай, қылмыстық топ тауарды жалған компания арқылы шекарадан өткізген. Осылайша коронавирус пандемиясы кезіндегі қатаң шараларға қарамастан, есірткінің бірнеше партиясы жасырын түрде Солтүстік Еуропаға саудаланған екен. Сонымен қатар тәртіп сақышалыр Малага қаласының жағалауында орналасқан үйдің жертөлесінде марихуана плантациясын анықтады.

Хабар 24 телеарнасы