425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран Ұлттық әскер күнін ерекше атап өтті

  • 378
  • UPD: 11:53, 19.04.2020
Иран Ұлттық әскер күнін ерекше атап өтті

Иранда Ұлттық әскер күніне орай шағын салтанатты шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға әдеттегідей танктер мен әскери ұшақтардың орнына мобильді ауруханалар, дезинфекцияға арналған техника мен әскери дәрігерлер жұмылдырылған. Осылайша биыл Тегеранда ұйымдастырылған шеруде құрмет әскерилерге емес ақ халатты абзал жандарға көрсетілді. Дәстүрге айналған мерекенің өзгеше өтуіне әлемді жайлаған пандемия себеп болды.

Айта кетейік, Таяу Шығыс елдері арасында Иран – COVID-19 дертінен ең көп зардап шеккен ел. Аймақта қауіпті індеттен 5 мыңнан астам адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы