399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда карантин режимі ұзартылуы мүмкін

  • 148
  • UPD: 09:28, 19.04.2020
Испанияда карантин режимі ұзартылуы мүмкін РИА Новости

Испания билігі карантин режимін мамырдың 9-ына дейін созуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы премьер-министр Педро Санчес мәлімдеді. Ұсыныс жуық арада парламентке жолданбақ. Алайда үкімет балаларға арналған шектеу шараларын жеңілдетуді көздеп отыр. Нақтырақ айтқанда, сәуірдің 27-сінен бастап балалардың үйден шығуына рұқсат етілмек.

Айта кетейік, Испанияда осы аптаның басында инфрақұрылымға қатысты кәсіпорындар өз жұмысын қайта бастады. Себебі елде дерттің таралуы бәсеңдей бастаған. Ал соңғы ақпарға қарағанда Пиреней түбегінде сенбі күні коронавирустан тағы 565 адам көз жұмып, дерттен қайтыс болғандардың саны 20 мыңнан асты. Ал індетті жұқтырғандардың саны 192 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы