423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлин тұрғындары карантин режиміне қарсы шеруге шықты

  • 293
  • UPD: 13:51, 19.04.2020
Берлин тұрғындары карантин режиміне қарсы шеруге шықты

Германия астанасында карантин режиміне қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға жергілікті билік тарапынан рұқсат берілмеген. Бірақ осыған қарамастан, бірнеше жүз мың тұрғын қала орталығына жиналып, биліктен тыйымдарды алып тастауды талап етті. Олардың айтуынша, карантин адамдардың құқықтарын бұзып отыр. Полицейлердің шерушілерді күштеп таратуына тура келді. Себебі көшеге шыққан тұрғындар тәртіп сақшыларының қазір топтап жиналу қауіпті деген үндеуіне құлақ аспаған.

Шеруші:

– Швеция коронавирусқа байланысты толық карантин енгізген жоқ. Себебі пандемия бастапқыда жарияланғандай қауіпті болмай шықты. Ал бізде шектеулерді енгізгеніне біраз уақыт өтті. Шынымды айтсам, бұл шараның дұрыстығына күмәнім бар.

Хабар 24 телеарнасы