422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда ардагер коронавируспен күреске 31,3 млн доллар жинап берді

  • 340
  • UPD: 08:12, 20.04.2020
Ұлыбританияда ардагер коронавируспен күреске 31,3 млн доллар жинап берді

99 жастағы британдық ардагер капитан Том Мур Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне 31,3 млн доллар жинап берген, деп хабарлайды «Хабар 24»

Дәрігерлер үшін ерекше акция ұйымдастырған ардагер интернет желісінде  30 сәуірге дейін арбасының көмегімен өз үйін 100 рет айналып өтеді деп жазған еді. Қария діттеген мақсатына өткен аптада жетті. Мүгедектігін ескерсек, Том Мур үшін бұл оңайға соқпағаны анық. Айта кетейік, ардагер ақшаны осыдан бір апта бұрын Charities Together қайырымдылық қорының қызметкерлеріне алғыс білдіру үшін жинай бастаған. Бұл қор оған дертінен айығып, сынған аяғын емдеуге көмектескен. Басында ардагер бар болғаны 1000 фунт стерлинг жинауды ойлады. Бірақ британиялық БАҚ капитан Мур дәрігерлерге көмектескісі келетіні хабарлағанда, төрт күн ішінде мыңнан миллион фунтқа дейін қаражат жиналған.

Хабар 24 телеарнасы