423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ азаматтары шектеу шараларына қарсы шеруге шықты

  • 149
  • UPD: 14:14, 20.04.2020
АҚШ азаматтары шектеу шараларына қарсы шеруге шықты

Вашингтонда 2 мыңнан астам азамат өңірдегі шектеу шараларына қарсы қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Тұрғындар биліктің 50-ден артық адамдың бір жерде шоғырлануына тыйым салу туралы шешіміне наразылық білдірді. Ызаланған жұрт шеру кезінде тіпті бетперде тағудан да бас тартқан. Айта кетейік, кейінгі күндері Америка халқы коронавирусқа байланысты енгізілген карантин режиміне жаппай қарсылық білдіруде. Наразылық акциялары Мичиган, Мэриленд, Техасе, Огайо, Кентукки мен Висконсинде өтті. Шерушілер карантиннің алынып тастауын талап етіп жатыр. Көбі ақшасыз қалдық деп налиды.

Хабар 24 телеарнасы