425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызыл түсті айфоннан түскен қаржы COVID-19 індетімен күрес қорына аударылады

  • 670
  • UPD: 15:32, 20.04.2020
Қызыл түсті айфоннан түскен қаржы COVID-19 індетімен күрес қорына аударылады

Apple компаниясы қызыл түсті iPhone мен PRODUCT (RED) аксессуарларынан түскен ақшаның жартысын коронавируспен күрес қорына аударады.

Әдетте бұл ақша АИВ/ЖИТС дертіне қарсы күрес қорына жіберілетін, қазір енді бұл қор COVID-19 індетімен де күресетін болған.

Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акция кезінде барлық қызыл түсті аксессуарлардан түскен ақша кесірлі вируспен күрес қорына аударылады.

The Verge

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы