430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сиднейдегі жағажайлар қайта ашылды

  • 451
  • UPD: 10:53, 21.04.2020
Сиднейдегі жағажайлар қайта ашылды

Австралияның Сидней қаласының билігі 3 жағажайды ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұртқа суға жүзуге, жүгіріп, серуендеуге болады. Бірақ жағажайда құр отыруға тыйым салынған. Сондай-ақ 2 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ. Және міндетті түрде бір жарым метр арақашықтық сақталуы тиіс. Жергілікті тұрғындар биліктің бұл шешімін қуанышпен қабылдады. Бірден жағажайға жиылып, биліктің ескертпелерін әзірге сақтауға тырысып жатыр.

Даниела бенусси, жергілікті тұрғын:

- Жағажайды ашу керемет идея болды. Біз мұны ұзақ күттік. Теңіздің таза ауасымен тыныс алу, күнге шығу – мұның бәрі коронавируспен күреске өз пайдасын тигізеді деген сенімдеміз. Ен бастысы – тұрғындар биліктің ескертулеріне құлақ асып, сақтық шаралары жайлы ұмытпаса болды.

Хабар 24 телеарнасы