420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда далалық госпиталь ашылды

  • 408
  • UPD: 11:53, 21.04.2020
Ұлыбританияда далалық госпиталь ашылды

Біріккен Корольдіктің Кардифф қаласында далалық госпиталь ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда COVID-19 дертіне шалдыққан науқастарға арналған мыңнан астам орын бар. Ұлыбритания ханзадасы Чарльз жаңадан салынған аурухананы бейнебайланыс арқылы өзінің Шотландиядағы үйінен отырып ашқан.

Естеріңізге салайық, жуырда ханзада Чарльздың өзі COVID-19 дертінен айығып шыққан болатын. Жалпы Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандардың қатары 16500-ден асты. Бір тәуліктің ішінде ауру құрбандарының қатарына тағы 450 адам қосылды.

Хабар 24 телеарнасы