425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде COVID-19 жұқтырған науқастардың саны артып барады

  • 331
  • UPD: 12:01, 21.04.2020
Перуде COVID-19 жұқтырған науқастардың саны артып барады

Перуде коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқастардың саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, елдегі дімкәс жандардың қатары 16300-ден асты. 445 адам COVID-19 дертінен көз жұмды. Кеселге шалдыққан ең алғашқы науқас 6 наурыз күні тіркелген болатын. Бар-жоғы 25 күннің ішінде олардың саны 1 мыңға жетті. Аймақтағы медицина қызметкерлері жергілікті биліктің ауруға төтеп беруге қауқарсыз болғандықтан, вирус елде тез тарап кеткенін айтып шағымданып жатыр. Тіпті наразылық акциясына да шыққандар бар. Айтуынша, ауруханаларда медициналық қорғаныс құрал-жабдықтары тапшы. Ал, кейбір мәйітханаларда бос орын жоқ.

Розмини Айкипа, медбике:

- Бір масканы бірнеше күн пайдалануымыз керек. Бір айда 3 маска ғана қолдана аламыз. Бұлай болмауы керек. Ережеге сәйкес олар бір реттік қолданыста ғана болу керек. Осының салдарынан қанша дәрігер вирус жұқтырды.

Кеше ғана Перудің Кальяо ауданына Қытайдан салмағы 300 мың тонна медициналық жабдық тиелген чартерлік ұшақ қонды. Жергілікті билік ауруды анықтайтын тест, маска мен дезинфекция заттары әр өңірге бірдей бөлінетінін айтады.

Айта кетейік, қазір Перу де карантин режимінде. Наурыздың 15-інен бастап шекара жабық. Ал ел тұрғындарының басым бөлігі сәуірдің 26-ына дейін жұмыссыз отыр.

Хабар 24 телеарнасы