421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның денсаулығы нашарлады

  • 646
  • UPD: 12:22, 21.04.2020
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның денсаулығы нашарлады

12 сәуірде жүрек-қан тамырлары ауруына байланысты операция жасатқан Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын дәрігерлер бақылауында.

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін CNN телеарнасы Ким Чен Ынның денсаулығы нашарлап кеткені туралы ақпарат таратқан еді. Оған шылым шегу мен артық салмақ себеп болған көрінеді. Ал қазір ол Хянсан провинциясындағы ауруханада қажетті ем-дом алып жатыр. Айта кетейік, Солтүстік Корея көшбасшысы 15 сәуірде аталып өтетін ұлттық деңгейдегі елеулі мерекеге қатысқан жоқ. Бірақ жаңа қаруды сынақтан өткізу шарасын өткізді.

Хабар 24 телеарнасы