418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта қоғамдық іс-шаралар өткізуге қыркүйекке дейін тыйым салынды

  • 195
  • UPD: 11:36, 22.04.2020
Нидерландта қоғамдық іс-шаралар өткізуге қыркүйекке дейін тыйым салынды

Нидерландта көпшілік қатысатын іс-шаралар өткізуге салынған тыйым 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Атап айтқанда, жазғы музыкалық фестивальдер, спорттық жарыстар өткізуге шектеу жасалады.

Сонымен қатар биыл коронавирусқа байланысты футбол бойынша Нидерланд чемпионаты аяқталмай қалады. Қазіргі уақытта чемпионаттың 34 турының 26-ы ғана өтті.

Хабар 24 телеарнасы