Коронавирус пандемиясының салдарынан дамушы 30 елді ашаршылық жайлауы мүмкін.
Қазірдің өзінде бір миллион адам аштықтан өлудің аз-ақ алдында тұр, – дейді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли The Guardian басылымына берген сұхбатында.
Оның пайымынша, 2020 жыл ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр жыл болмақ. Сондықтан адамдардың жаппай қырылуының алдын алу үшін уақыт жоғалтпастан іске кірісу керек. Яғни гуманитарлық көмекке қаржы бөлініп, экспортқа шектеу қойылмаса дегенді алға тартады ол.