419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сен-Бартелеми аралында COVID-19 жұқтырған науқастардың бәрі сауығып кетті

  • 301
  • UPD: 15:49, 22.04.2020
Сен-Бартелеми аралында COVID-19 жұқтырған науқастардың бәрі сауығып кетті

Кариб теңізіндегі Сен-Бартелеми аралында коронавирус жұқтырған науқастардың бәрі індеттен айықты. Мұны Worldometers мәліметтері растайды.

Бұл арал әлем бойынша екінші орында тұр. Бұған дейін Гренландияда коронавируспен ауыратын барлық науқас емделіп шыққан еді.

Сен-Бартелеми аралында COVID-19-дың алғашқы жағдайы 1 наурызда анықталды. 31 наурызда алтыншы адамға диагноз қойылды. Мұнда коронавирустан болған бірде-бір өлім жағдайы тіркелген жоқ. Арал халқының саны 9 мыңнан асады.

Статистика сонымен қатар Мавританияда науқастардың барлығының емделіп шыққанын көрсетеді. Ол елде инфекцияның жеті жағдайы анықталды, олардың біреуі қайтыс болды.

Шығыс Африкадағы Бурундиде бұдан былай COVID-19 науқастары жоқ. Коронавирус жұқтырған бес адамның біреуі қайтыс болды, төртеуі емделді.

Айта кетсек, Гренландияда әлемде алғаш рет COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы айығып кетті. Аралда коронавирустың 11 жағдайы тіркелген еді.

Хабар 24 телеарнасы