424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус: АҚШ-та бір тәулікте 2,1 мыңнан астам адам қайтыс болды

  • 456
Коронавирус: АҚШ-та бір тәулікте 2,1 мыңнан астам адам қайтыс болды © REUTERS / Caitlin Ochs

АҚШ-та өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2,1 мыңнан астам адам көз жұмды.

АҚШ-та індет басталғалы COVID-19-ды жұқтырған 46 611 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университетінің мамандары. Бұл елде қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 840 476-ға жетті. Жақында тағы 27 639 адамның аталған вирусты жұқтырып алғаны белгілі болды.

АҚШ вирусты жұқтырғандар саны жөнінен де, індеттен көз жұмғандар саны бойынша да көш басында келеді.

Хабар 24 телеарнасы