423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда кейінгі тәулікте 3 мыңдай адам қауіпті кеселден сауығып шықты

  • 424
  • UPD: 14:28, 23.04.2020

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 46 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның 15 мыңдайы  Нью-Йоркте көз жұмған. Джонс Хопкинс университетінің дерегі осындай. Қазір Америка әлем бойынша індеттен ең көп зардап шегіп отырған мемлекет. Эпидемия басталғалы бері бұл елде 840 мыңға жуық америкалық вирус жұқтырған.

Коронавирустан айыққандар бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді

Ал Италияда екінші күн қатарынан дертінен құлан таза айыққандар бойынша рекордтық көрсеткіш тіркеліп отыр. Мәселен, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан шамамен 3 мың азамат емделіп шыққан. Ал олардың жалпы санына келер болсақ, бүгінге дейін Италияда 54 жарым мың адам коронавирустан жазылып шыққан. Енді апта соңына дейін билік өкілдері елдегі карантин режимін алып тастаудың нақты жоспарын жарияламақ. Айта кетейік, шектеу шаралары 4-ші мамырдан бастап жеңілдей бастайды.

Ауруханаларда қорғану құралдары бітуге жақын

Өз кезегінде Ұлыбританияда «КОВИД-19» вирусын емдеуге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу жөніндегі келісімге қатыспауынан дау туды. Жуырда Еуроодақ елдері ауруханаларды өкпені жасанды желдету және жеке қорғану құралдарымен, қамтамасыз ету бойынша нақты жоспарды бекітті. Айта кетейік, бұл келісімге барлық ел  қатысуға құқылы болатын. Бірақ британ билігі оған өтінім беруге үлгермей қалыпты. Жалпы, қазіргі уақытта Лондон ауруханаларында қорғану құралдарының тапшылығы байқала бастаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар өз еркімен дәрігерлерге қажетті құралдарды онлайн-дүкендерден іздеуге көшкен. Ал соңғы дерек бойынша өткен тәулікте Ұлыбритания емханаларында 763 адам вирустан қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы