417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралия шекарасы халықаралық сапарлар үшін тағы төрт айға жабық болады

  • 415
  • UPD: 12:17, 23.04.2020
Австралия шекарасы халықаралық сапарлар үшін тағы төрт айға жабық болады РИА Новости

Шет елден қайтып келген осы елдің азаматтарына ғана кіруге рұқсат етіледі.

«Халықаралық ахуалға қарасақ, қазіргі уақытта шекарадағы кез келген шектеу шараларын бәсеңдету үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Мен Қауіпсіздік жөніндегі ұлттық комитетке австралиялықтардың елден шығуына салынған қатаң тыйым мерзімін ұзартуды және ел аумағына шетелден оралған азаматтарымызға ғана кіруге рұқсат беруді ұсындым», – деп хабарлады осы елдің бас санитарлық дәрігері Брендан Мерфи.

Бүгінгі таңда Австралияда 6 659 адам COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Эпидемия басталғалы барлығы 4 671 адам сауығып, 75 науқас коронавирустың кесірінен қайтыс болған.

Өткен тәулікте Австралияда тағы 12 адамның вирусты жұқтырғаны анықталды, бұл 9 наурыздан бастап белгіленген ең төменгі көрсеткіш болды.

Хабар 24 телеарнасы