АҚШ-тың Оклахома штатындағы Маршалл округінде құйын жүріп өтті.
Салдарынан 2 адам қаза тапты. Тағы бірнеше азамат жарақат алды. Апат кесірінен ондаған үй қираған. Сондай-ақ, екі кәсіпорынның ғимараты мен шіркеуге де айтарлықтай зақым келіпті. Әзірге табиғат апатынан келген шығын көлемі белгісіз. Айта кетейік, аталған өңірде жалпы саны 4 мыңдай азамат өмір сүреді.