423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Кореяда әлеуметтік қашықтықты сақтау режимі 5 мамырға дейін ұзартылды

  • 550
  • UPD: 10:35, 24.04.2020
Оңтүстік Кореяда әлеуметтік қашықтықты сақтау режимі 5 мамырға дейін ұзартылды BBC

Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте COVID-19-ды тағы алты адамның жұқтырғаны, 90 адамның сауығып шыққаны белгілі болды.

Қайтыс болғандар саны өскен жоқ, 240 адамды құрайды. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 10 708-ге дейін өсті, барлығы 8 501 адам жазылып шықты.

Коронавирусты жұқтырған адамдар санының ел ішінде азаюына байланысты билік жеңілдетілген түрдегі әлеуметтік қашықтықты сақтау режимін 5 мамырға дейін ұзартты.

Парктер, табиғатта демалу орындары қайта ашылады, спорт, дін және ойын-сауық нысандары шектеулі түрде қызметін қайта жандандырады. Азаматтардан бұрынғысынша адамдар көп жиналатын жерлерге бармай, үйден себепсіз шықпай, алдын алу шараларын сақтау сұралады.

Оңтүстік Корея үкіметі барлық азаматтарға коронавирусқа байланысты материалдық көмек көрсететінін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы